Тізбені және инватакси қызметін алушылар санатын кеңейту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 9 шілдедегі № 37/3 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 12 шілдеде № 6623-09 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 "Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 8950) Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі орындар тізбесін келесі объектілер мен межелі орындар тізбесімен кеңейту:

      "Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      Қарағанды қаласының медициналық мекемелері (жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда);

      Қарағанды қаласының әуежайы және теміржол вокзалдары;

      Қарағанды қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдары;

      Қарағанды облысы білім басқармасының "Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

      2. Теміртау қаласындағы инватакси қызметін алушылар санатын келесі санаттармен кеңейту:

      жүріп-тұруы қиын 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;

      аяқтарында ампутациялық тұқылдары бар екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      жүріс арбалар көмегімен жүретін екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар;

      аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар.

      3. Күші жойылды деп тану:

      Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2018 жылғы 23 тамыздағы №36/2 "Мүгедек адамдардың құқықтарын іске асыру және қорғаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4942 болып тіркелген);

      Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 23 тамыздағы №61/1 "Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 тамыздағы №36/2 "Мүгедектердің құқықтарын іске асыру және қорғаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29333 болып тіркелген).

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теміртау қаласының әкімі О. Таурбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады