Жәйрем кентіндегі көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жәйрем кентінің әкімінің 2018 жылғы 21 қарашадағы № 5 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 желтоқсанда № 5063 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 9 тамыздағы қорытындысына сәйкес, Қаражал қаласы Жәйрем кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысы Қаражал қаласы Жәйрем кентінің келесі көшелері:

      1) Восточная көшесі – Шоқан Уәлиханов көшесі;

      2) Геологическая көшесі – Бауыржан Момышұлы көшесі;

      3) Целинная көшесі – Мерей көшесі;

      4) Социалистическая көшесі – Бұқар жырау көшесі;

      5) Луговая көшесі – Ахмет Байтұрсынов көшесі;

      6) Аэропортная көшесі – Керуен көшесі;

      7) Садовая көшесі – Қазына көшесі;

      8) Клубная көшесі – Аманат көшесі;

      9) Октябрьская көшесі – Мұхтар Әуезов көшесі;

      10) Западная көшесі – Береке көшесі;

      11) Зеленая көшесі – Серпін көшесі;

      12) Строителей тұйық көшесі – Атамұра көшесі;

      13) Полярный көшесі – Көкжиек көшесі;

      14) Звездный көшесі – Күншуақ көшесі;

      15) Пионерская бульвары – Самал көшесі;

      16) Подхоз көшесі – Көкорай көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жәйрем кентінің әкімі А. Наукенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады