Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 19.08.2021 № 63/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" заңдарына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары А.К.Төлендинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А.А. Ыдырысов |
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуір № 11/02 қаулысымен бекітілген |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата - ана төлемақысының мөлшері
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы қаржыландырудың бір айдағы мөлшері (теңгеде) | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы бір айдағы ата-ана төлемақысының мөлшері (теңгеде) | ||||||||
Мемлекеттік балабақша | Жеке-меншік бала бақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар | Мемлекеттік балабақша | Жеке меншік балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар | Мемлекеттік балабақша | Жеке меншік балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар | |
Сәтбаев қаласы, | 2993 | 100 | 150 | 176 | 21611 | 26000 | 10135 | 4650 | 12000 | 12000 | 12000 |