Сәтбаев қаласының жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 23/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 шілдеде № 4867 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" заңдарына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшада ұсынылған Сәтбаев қаласының жайылым айналымдарының схемасы бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Н.Нарботаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі А.А. Ыдырысов

  Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2018
жылғы 26 маусымдағы № 23/01
қаулысымен бекітілді

СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАЙЫЛЫМ АЙНАЛЫМ СХЕМАСЫ

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады