Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2018 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алуды өткізу қорытындысы туралы ақпарат 2018 жылдың 7 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылсын.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К. К. Тлеубергеновке жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Аймаков |