2019 жылы әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 желтоқсанда № 5056 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2019 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      2. Осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алуды өткізу қорытындысы туралы ақпарат 2019 жылдың 5 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылсын.

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К. К. Тлеубергеновке жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С. Аймаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады