Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 40/437 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 қаңтарда № 5127 болып тіркелді. Қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн айқындау туралы" қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) сәйкес Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:

      1. Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы өтініш берген уақытта жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 22.08.2019 № 51/552 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 2019 жылы өтініш беру кезінде маманмен мәлімделген, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есіптік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде берілсін.

      3. Ауылдық аумақтарды дамыту бойынша уәкілетті орган ретінде "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы шешімді жүзеге асыру жөніндегі шараларды Қаулыға сәйкес қабылдасын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (М.З. Лозинский).

      5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Лозинский
      Абай аудандық мәслихатының хатшысы Б. Цай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады