Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы 40 сессиясының № 40/437 "Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 22 тамыздағы № 51/552 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 қыркүйекте № 5461 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн айқындау туралы" қаулысына сәйкес Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:

      1. Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы 40 сессиясының "Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы" № 40/437 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5127 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 14 қаңтарда және 2019 жылғы 12 қаңтардағы № 2-3 (4247) "Абай - Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы өтініш берген уақытта жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы берілсін.".

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы И. Соколова
      Абай аудандық мәслихатының хатшысы Б. Цай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады