Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінің құрамдас бөліктері келесідей болып қайта аталсын:
1) Северная көшесін – Достық көшесіне;
2) Луговая көшесін – Ынтымақ көшесіне;
3) Ленин көшесін - Атамекен көшесіне;
4) Тельман көшесін – Тәуелсіздік көшесіне;
5) Грибоедова көшесін – Мерей көшесіне;
6) Б.Хмельницкий көшесін - Отан көшесіне;
7) Мичурин атындағы саябағын - Энергетиктер саябағына.
2. Осы шешімнің орындалуын өзім қадағалаймын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімі | Қ. Мүслімова |