Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарабас кентіндегі көшелер келесідей:
1) Октябрьская көшесі Қазақстан көшесіне;
2) Советская көшесі Сарыарқа көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарабас кентінің әкімі | Е.Төкебаев |