Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 02/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 қаңтарда № 4594 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 12/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 19.03.2019 № 12/03 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

      3. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 02/02 "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4121 тіркелген, № 3 (1193) 2017 жылдың 21 қаңтарында аудандық "Бұқар жырау жаршысы" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылдың 3 ақпанында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айганым Жолшоровна Акпановаға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ш. Мамалинов

  Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 18 қаңтардағы
№ 02/01 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Атауы

1.

Жұмыстар және қызметтер:

1.1

Аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының күрделі немесе орташа жөндеуі

1.2

Сумен жабдықтау және су тарту нысандарының күрделі жөндеуі

1.3

Мәдениет, білім және спорт саласындағы нысандарының күрделі жөндеуі

1.4

Жаңа нысандардың құрлысы немесе бар нысандардың қайта жаңартылуы

2.

Тауарлар:

2.1.

А4 қағазы, факске арналған қағаз


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады