Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 02/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 4121 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 02/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 18.01.2018 № 02/01 қаулысымен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бұқар жырау ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айганым Жолшоровна Акпановаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Кобжанов

  Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 10 қантардағы
№ 02/02 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Атауы

1.1

Аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының күрделі немесе орташа жөндеу жұмыстары

1.2

Сумен жабдықтау және су тарту нысандарының күрделі жөндеу, қайта жаңартылуы

1.3

Мәдениет, білім және спорт саласындағы нысандарының күрделі жөндеу жұмыстары

1.4

Бюджеттік даму бағдарламалары щеңберінде жаңа нысандардың құрлысы немесе бар нысандардың қайта жаңартылуы

1.5

Бюджеттік даму бағдарламалары щеңберінде нысандарды салуға және жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу немесе бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады