Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 09 тамыздағы қорытындысына сәйкес, Атасу кентінің әкімі ШЕШТІ:
1. Жаңаарқа ауданы Атасу кентінің көшелері:
1) Дружба көшесін – Достық көшесіне;
2) Интернациональная көшесін – Бірлік көшесіне;
3) Лесхозная көшесін – Қараағаш көшесіне;
4) Мир көшесін – Бейбітшілік көшесіне;
5) Парковая көшесін – Саябақ көшесіне;
6) Транспорт орамын – Сарыарқа орамына;
7) ІІ Ертіс орамын – Боранбай Бекбосынов көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімнің міндетін атқарушы | А. Тусупов |