Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 7 ақпандағы қорытындысына сәйкес, Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінің көшелері:
1) Юбилейная көшесі Атақоныс көшесіне;
2) Автодор көшесі Талды көшесіне;
3) Войнская көшесі Өнеркәсіп көшесіне;
4) Рудничная көшесі Кенді өлке көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағайлы кентінің әкімі | М. Шаханов |