Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қаршығалы ауылдық округінің әкімінің 13.02.2019 № 01 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарқаралы ауданы Қаршығалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қаршығалы ауылдық округінің Көктас ауылының Тельман, Гагарина көшелерінің және "Жаңа жол" елді мекеніннің аумағында ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаршығалы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Р. Садвакасов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы |
Министрлігі Ветеринариялық бақылау және |
қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық |
аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің |
басшысы |
Т.Ж. Көпжасаров |
2018 жыл 10 шілде.