Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізуіне байланысты, Қарқаралы ауданы Мартбек Мамыраев ауылдық округі Жаңанегіз елді мекеніне белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қарқаралы ауданы Мартбек Мамыраев ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 01 "Мартбек Мамыраев ауылдық округі Жаңанегіз елді мекеніне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4932 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 қыркүйектегі № 37 (11681) "Қарқаралы" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылы 11 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімі |
К. Жантурин |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысы |
Т.Ж. Көпжасаров |
19 желтоқсан 2018 жыл