Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік түріне және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2 пайыздан 4 пайызға дейінгі мөлшерде жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
2. Нұра ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 37/01 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4083 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 қаңтардағы № 2 (5499) "Нұра" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2017 жылы 23 қаңтарда электрондық түрде жарияланған), күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Омарханов |
Нұра ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "12" қаңтар № 03/14 қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі:
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Нұра ауданының аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 354 | 1 | 3 |