Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 37/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қаңтарда № 4083 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 03/14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 12.01.2018 № 03/14 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меншік түріне және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2 пайыздан 4 пайызға дейінгі мөлшерде жұмыс орындары квотаңсы белгіленсін. 

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Нұра ауданының әкімі Н. Омарханов

  Нұра ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "22" желтоқсандағы
№ 37/01 қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі


 

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің
тізімдік саны

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны

1.
 

"Нұра аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

319
 

4
 

13
 

2.
 

"Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі

55
 

2
 

1
 

3.
 

"Нұра ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі

76

2

2
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады