Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы XXIII сессиясының № 241 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 маусымда № 4809 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 451 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 17.06.2020 № 451 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 546 бабының 3-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 ақпанындағы № 19 "Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8-14-168 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 сәуірдегі № 14 (5248) "Нұра" газетінде жарияланған).

      3. Аталған шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына (Н.Сулейменов) жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Жақантай
      Аудандық мәслихат хатшысының
міндеттерін атқарушысы
Н. Сулейменов

  Аудандық мәслихаттың
2018 жылғы "22" мамырдағы
№ 241 шешіміне
№ 1 Қосымша

Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірынғай мөлшерлемесі

№ р/с

Салық салу объектісінің атауы

1 айға айлық есептік көрсеткіште бір объектіге салық мөлшерлемесі

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады