Нұра аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 451 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 маусымда № 5880 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Нұра аудандық мәслихатының 23 сессиясының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 241 "Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4809 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 маусымдағы "Нұра" № 23 (5569) газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылдың 18 маусымында жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Нұра аудандық мәслихатының хатшысы Т. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады