Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 22.05.2018 № 241 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бір салық салу объектілерінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Нұра аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы 32 сессиясының N 312 "Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-14-139 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2011 жылғы 22 қаңтардағы N 4 (5192) санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұрақты комиссиясына (Н. Сүлейменов) жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Сүлейменов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Шайжанов |
Аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 ақпандағы N 19 шешіміне қосымша |
Айына салық салу объектісінің бірлігіне салықтың базалық ставкаларының мөлшері
N | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4. | Ойын жолы | 5 |
5. | Карт | 2 |
6. | Бильярд үстелі | 3 |