Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, Нұра ауданы Құланөтпес ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра ауданы Құланөтпес ауылының көшелері:
1) Молодежная көшесі Шоқан Уәлиханов көшесіне;
2) Зеленая көшесі Бауыржан Момышұлы көшесіне;
3) Центральная көшесі Абай Құнанбаев көшесіне;
4) Больничная көшесі Әлихан Бөкейханов көшесіне;
5) Школьная көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
6) Красносулинская көшесі Мұхтар Әуезов көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | А. Алькенов |