Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, Нұра ауданы Құланөтпес ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра ауданы Құланөтпес ауылдық округі Ақтүбек ауылындағы атауы жоқ 1-көшеге "Ыбырай Алтынсарин" атауы, атауы жоқ 2-көшеге "Рәбиға Есімжанова" атауы берілсін.
2. Нұра ауданы Құланөтпес ауылдық округі Нығыман ауылындағы атауы жоқ 1-көшеге "Ахмет Байтұрсынов" атауы, атауы жоқ 2-көшеге "Қайрат Рысқұлбеков" атауы берілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | А. Абенов |