Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 30 мамырдағы қорытындысына сәйкес, Нұра ауданы Көбетей ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра ауданы Көбетей ауылының көшелері:
1) Черниговский көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
2) Степной көшесі Орталық көшесіне;
3) Заводская көшесі Достық көшесіне;
4) Белорусская көшесі Жағалау көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | Х. Бикенов |