Сарыөзек ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Сарыөзек ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 24 желтоқсанда № 5084 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі баскару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының қортындысы негізінде, Сарыөзек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осакаров ауданы Сарыөзек ауылдық округіндегі Сарыөзек ауылының көшелері келесідей:

      1) Карла Маркс көшесі - Байтайлақ батыр көшесіне;

      2) Карла Либкнехта көшесін - Нияз батыр көшесіне;

      3) Октябрьская көшесі - Атақоныс көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Таран

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады