Қаратомар ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Қаратомар ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 тамызда № 4901 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақтан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қаратомар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осакаров ауданы Қаратомар ауылдық округіндегі Сенокосное ауылы көшелері келесідей:

      1) Химстрой көшесін – Кенесары көшесіне;

      2) Спортивная көшесін – Ыбырай Алтынсарин көшесіне;

      3) Степная көшесін – Ұлы дала көшесіне;

      4) Сенокосная көшесін – Абай Құнанбаев көшесіне;

      5) Урожайная көшесін – Алтын Орда көшесіне;

      6) Центральная көшесін – Әл - Фараби көшесіне;

      7) Новостройка көшесін – Абылай хан көшесіне;

      8) Школьная көшесін – Қазыбек би көшесіне;

      9) Механизаторская көшесін – Тұмар көшесіне;

      10) Строителей көшесін – Нұра көшесіне;

      11) Айнабулакская көшесін – Айнабұлақ көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешімнің алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б. Тусупбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады