Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Құндызды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров ауданы Құндызды ауылдық округіндегі Шұңқыркөл ауылының көшелері келесідей:
1) Шұңқыркөл ауылындағы Центральная көшесін – Тәуелсіздік көшесі;
2) Шұңқыркөл ауылындағы Остановочная көшесін - Бейбітшілік көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Е. Омашев |