Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров ауданы Ақбұлақ ауылдық округіндегі Роднички ауылының көшелері келесідей:
1) Новая көшесі Наурыз көшесіне;
2) Степная көшесі Аманат көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Н. Машрапов |