Шет ауданы Бұрма ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданы Бұрма ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 наурызда № 4629 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және 2017 жылғы 06 желтоқсандағы Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындылары негізінде, сондай-ақ ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Бұрма ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шет ауданы Бұрма ауылындағы Парковая көшесінің атауы Бәйтерек көшесі болып, Центральная көшесінің атауы – Орталық көшесі болып, Строительная көшесінің атауы – Құрылысшылар көшесі болып, Мира көшесінің атауы – Бейбітшілік көшесі болып, Школьная көшесінің атауы –Сарыарқа көшесі болып, Молодежная көшесінің атауы –Жастар көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бұрма ауылдық округінің әкімі: Е.А. Аяпбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады