Ақой ауылындағы көшені қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақой ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 наурызда № 4655 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ақой ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақой ауылындағы Школьная көшесінің атауы Марат Едігеев көшесі болып өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Ж. Қасым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады