Шет ауданы Киікті ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданы Киікті ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 мамырда № 4741 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 7 бабына және 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және 2017 жылғы 6 желтоқсандағы Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындылары негізінде, сондай-ақ ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Киікті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шет ауданы Киікті ауылындағы:

      "Школьная" көшесі "Ыбырай Алтынсарин" көшесі;

      "Западная" көшесі "Ағыбай батыр" көшесі;

      "Клубная" көшесі "Қазыбек би" көшесі;

      "Горная" көшесі "Желтоқсан" көшесі;

      "Речная" көшесі "Бейбітшілік" көшесі;

      "Вокзальная, Привокзальная" көшелері "Әбікен Хасенов" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Киікті ауылдық округінің әкімі К. Рахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады