Донорларға қосымша көтермелеу беру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 204 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 маусымда № 6339 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 457 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 24.08.2020 № 457 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағы 7) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес донорларға қосымша көтермелеу берілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық
мәслихатының кезектен
тыс 20-сессиясының төрағасы
К. Үйреков
      Қызылорда облыстық
мәслихатының хатшысы
Н. Байқадамов

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2018 жылғы "01" маусым
№ 204 шешіміне қосымша

      1. Бір реттік қан донациясы үшін (450 миллилитр + 10 %) - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2. екі реттік плазмаферез кезінде бір реттік плазма донациясы үшін (550 + 50 миллилитр плазма) - 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3. аппараттық цитаферез кезінде тромбоциттердің бір дозасының бір реттік (дозадағы тромбоциттердің саны кемінде 200 х 109) донациясы үшін - 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Ескертпе: тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады