Қызылорда қаласының кейбір көшелерін атау және қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 1279 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 281 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 6584 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 12 наурыздағы және 14 қыркүйектегі қорытындыларына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда қаласының келесі көшелері:

      1) "Сәулет-4" - "Жамал Байхожаев" есімімен;

      2) "Сәулет-32" - "Құдайберген Сұлтанбаев" есімімен;

      3) "Саяхат-12" - "Қалжан ахун" есімімен;

      4) "Арай-15" - "Текей батыр" есімімен;

      5) "Көктөбе" - "Асан Тайманов" есімімен;

      6) "Сыр сұлуы" - "Бименді Баймаханов" есімімен қайта аталсын.

      2. Қызылорда қаласының Қараша көшесімен қиылысып орналасқан атауы жоқ көше "Айтмұрат Шаменов" есімімен аталсын.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
      Қызылорда облыстық мәслихатының
хатшысы
Н. Байқадамов
      Қызылорда облыстық мәслихатының
25 сессиясының төрағасы
И. Құттықожаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады