"Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлерiн белгiлеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы №5067 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 10448 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 наурызда № 6192 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлерiн белгiлеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 5067 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5472 тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" газетінде 2016 жылғы 27 сәуірде №35, "Кызылорда Таймс" газетінде 2016 жылғы 27 сәуірде №18, "Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 мамырда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев
      "КЕЛIСIЛДI"
      Қызылорда қаласы
      әкімдігінің "Қызылорда
      қаласының тұрғын үй-
      коммуналдық шаруашылық
      және тұрғын үй инспекциясы
      бөлімі" коммуналдық
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      _____________ Б.Сарменбаев
      "15" ақпан 2018 жыл

  Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 15 ақпандағы №10448 қаулысына қосымша
  Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 16 наурыздағы №5067 қаулысына қосымша

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi (коммуналдық тұрғын үй қорынан) пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлерi

Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдiң (коммуналдық тұрғын үй қорындағы) мекенжайы

Пайдалануға берілген жылы

Айына бiр шаршы метр үшiн төлемақы мөлшерлерi (теңге)

1

2

3

4

1

Қызылорда қаласы, Сырдария мөлтек ауданы, Қасым хан көшесі, №3б үй

2012

60 теңге

2

Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Е.Бозғұлов көшесі, №1, 2, 3, 4, 5, 8 үйлер

2012

60 теңге

3

Қызылорда қаласы, Сырдария мөлтек ауданы, №10 үй

2013

61 теңге 7 тиын

4

Қызылорда қаласы, Сырдария мөлтек ауданы, Қасым хан көшесі, №1б үй

2013

58 теңге 3 тиын

5

Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Е.Бозғұлов көшесі, №6, 7, 9, 10, 11, 12 үйлер

2014

60 теңге

6

Қызылорда қаласы, Әбу-Насыр Әл-Фараби көшесі, №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 үйлер

2015

46 теңге 66 тиын

7

Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, №4, 5, 6 үйлер

2015

60 теңге

8

Қызылорда қаласы, Ә.Қашаубаев көшесі, №17б үй

2015

60 теңге

9

Қызылорда қаласы, Есім хан көшесі, №17а, 19а, 23б үйлер

2015

60 теңге

10

Қызылорда қаласы, Арай тұрғын ауданы, Арай-15 көшесі, №110, 112, 114, 116, 118 үйлер

2015

66 теңге 70 тиын

11

Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, №1, 2 үйлер

2016

60 теңге

12

Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Е.Бозғұлов көшесі, №13 үй

2016

60 теңге

13

Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, №2, 3, 7, 8 үйлер

2017

91 теңге

14

Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, №10 үй

2017

93 теңге 3 тиын

15

Қызылорда қаласы, Ә.Қашаубаев көшесі, №1, 2 үйлер

2017

92 теңге 7 тиын


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады