"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 12 маусымдағы №2 қорытындысына сәйкес Тасбөгет кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінің келесі көшелеріне:
1) №11 көшеге "Жұмабек Тәжімұлы" есімі;
2) №13 көшеге "Баспан Меңдібаев" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары Ж.Байхадамовқа жүктелсін.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Тасбөгет кентінің әкімі | П. Шамуратов |