Арал қаласының көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 394-қ қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 186 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 қыркүйекте № 6433 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 51тармақшасына сәйкес және облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 9 тамыздағы №3 қорытындысы негізінде, Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арал қаласының мына көшелеріне:

      1) "Тәжі Палуан" көшесінің бірінші қатарына "Төле Рысбаев" есімі;

      2) "Тәжі Палуан" көшесінің екінші қатарына "Бисеналы Халықов" есімі;

      3) "Тәжі Палуан" көшесінің алтыншы қатарына "Абдул-Хамид Мархабаев" есімі;

      4) "Жақсылық Әмірханұлы" көшесінің бірінші және екінші қатарларына "Кеулімжай Қарақұлов" есімі берілсін.

      2. "Жеңістің 40 жылдығы" көшесі "Төлебай Жолмағанбетұлы" есімімен қайта аталсын.

      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданының әкімі М. Оразбаев
      Арал аудандық мәслихаттың кезектен
тыс отызыншы сессиясының төрағасы
Д. Жалғасбаев
      Арал аудандық мәслихат хатшысының
уақытша міндетін атқарушы
Ж. Жалғасбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады