"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 97 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 180 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 қыркүйекте № 6437 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 12.02.2021 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 23 тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 97 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5963 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 қазанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      2-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Арал аудандық бөлімі (бұдан әрі - Бөлім)";

      8-тармақтың 3 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "колледж және жалпы білім беретін мектептен кейін "Бакалавр" академиялық дәрежесін алу үшін – жылына бір рет, 392 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;";

      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Әлеуметтік көмекті тағайындағаннан кейін уәкілетті орган мен әлеуметтік көмек алушы арасында екі жақты келісім шарт жасалады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының кезектен
тыс жиырма тоғызыншы сессиясының
төрағасы
Д. Жалғасбаев
      Арал аудандық мәслихатының хатшысы Д. Мадинов
     
      КЕЛІСІЛДІ:
"Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________ Т.Дүйсебаев
27 тамыз 2018 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады