"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 7 ақпандағы №1 қорытындысына сәйкес Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі (Қашақбай Пірімов және Жанқожа Нұрмұхаммедұлы көшелерінің ортасында орналасқан) атауы жоқ көшеге Төремұрат жырау есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары Д.Алпысбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім міндетін уақытша атқарушы | Ж.Муратбаев |