"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 12 қазандағы № 2 қорытындысына сәйкес Қазалы ауданы Ақжона ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазалы ауданы Ақжона ауылдық округі Майдакөл ауылындағы көпірге "Аяған Ділжановтың" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақжона ауылдық округінің әкімі | А.Бөріқұлақов |