Көшені қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Шәкен ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 мамырда № 6293 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 7ақпандағы № 1 қорытындысына сәйкес Қазалы ауданы Шәкен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазалы ауданының Шәкен ауылдық округі Шәкен ауылындағы Шәкен көшесінің шығыс бетіндегі бір бөлігі Шабарбаев Қабыл есімімен қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шәкен ауылдық округінің әкімі Т.Сермаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады