2018 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 678 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 сәуірде № 6246 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қармақшы ауданы бойынша 2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес белгіленсін.

      2. "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қармақшы аудан әкімдігінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 497 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5897 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 4 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары М.Самитовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашов

  Қармақшы ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "19" наурыздағы
№ 678 қаулысына 1- қосымша

Қармақшы ауданы бойынша 2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыс керлер дің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

951

1

9

2

"Достық жер МК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

241

1

2


Барлығы

1192


11

  Қармақшы ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "19" наурыздағы
№ 678 қаулысына 2- қосымша

Қармақшы ауданы бойынша 2018 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскер лердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейі" мемлекеттік мекемесі "Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"

23

1

1


Барлығы

23


1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады