“Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №31 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 195 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 қыркүйекте № 6424 болып тіркелді

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2тармағына және “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. “Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 31 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4910 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2015 жылғы 30 наурызда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен белгіленген барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарында:

      реттік нөмері 2-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      “

2

Жалағаш кенті

Н.Мырзалиев көшесі №73 мекен-жайда орналасқан “Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының “Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының алды

      ”.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Қ. Сәрсенбаев
      “КЕЛІСІЛДІ”
Жалағаш аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
______________ С.Әлиев
5 қыркүйек 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады