Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 289 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 6600 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 157 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 26.08.2021 № 157 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Қазақстан Республикасының Жер кодексі” Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жалағаш ауданында талшықты-оптикалық байланыс жүйесі желісін жүргізу мақсатында “SilkNetCom” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесін пайдалану үшін жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай үш жыл мерзімге осы қаулының қосымшасына сәйкес қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. “SilkNetCom” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі талшықты-оптикалық байланыс жүйесі желісін жүргізу аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіру ұсынылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Қ. Сәрсенбаев

  Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсан №289 қаулысына қосымша

Жалағаш ауданында талшықты-оптикалық байланыс жүйесі желісін жүргізу мақсатында “SilkNetCom” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесін пайдалану үшін жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай белгіленетін қауымдық сервитут

Жер учаскесінің орналасқан жері

Қауымдық сервитут белгіленген жерлер, гектар

Ұзындығы, метр

Ені, метр

1

2

3

4

5

1

Жалағаш кенті

2,0364

5091

4

2

Мырзабай ахун ауылдық округі

2,9892

7473

4

3

Бұқарбай батыр ауылдық округі

10,102

25255

4

4

Еңбек ауылдық округі

8,2712

20678

4

5

Аққұм ауылдық округі

3,5988

8997

4

6

Аламесек ауылдық округі

3,3824

8456

4

7

Жаңадария ауылдық округі

7,0476

17619

4

8

Мәдениет ауылдық округі

5,7932

14483

4

9

Жаңаталап ауылдық округі

0,9148

2287

4

10

Мақпалкөл ауылдық округі

4,7044

11761

4


Барлығы

48,84

122100



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады