Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 157 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 қыркүйекте № 24245 болып тіркелді

      “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және “Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі №460 қаулысына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің аппараты басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі А. Шаменов

  Жалағаш ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 157 қаулысына қосымша

Жалағаш ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. “Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Жалағаш ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 244 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6050 болып тіркелген).

      2. “Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Жалағаш ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 244 қаулысына өзгеріс енгізу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 252 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6494 болып тіркелген).

      3. “Қауымдық сервитут белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 289 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6600 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады