"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 9 тамыздағы №3 қорытындысына сәйкес Еңбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбек ауылдық округінің Еңбек ауылындағы қайталанатын Ғани Мұратбаев тұйық көшесі "Ынтымақ" көшесі болып қайта аталсын.
2. Шешімнің орындалуын бақылау "Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы Ж. Айтжановаға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі | Қ. Қалданов |