“2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы” Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 448 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 қазандағы № 609 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қарашада № 6495 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. “2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы” Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 448 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6178 болып тіркелген, 2018 жылы 13 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      “1. “Жаңақорған ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.”

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі Ғ. Әміреев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады