Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 28.12.2021 № 108 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 10бабының 3-тармағына сәйкес, Сырдария аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 124 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 5973 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 06 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы "мөлшері" деген сөз "тоқсанына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "(бұдан әрі – уәкілетті орган)" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығының 22-қосымшасымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11342 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады және жүгінген кезде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
4-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
4-тармақтың 6) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"6) аудан шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде тоқтатылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 29 сессиясының төрағасы: |
Б. Есназар |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: | Е. Әжікенов |