Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 124 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қыркүйекте № 5973 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 108 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 28.12.2021 № 108 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) - тармақшасына және "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi Заңының 16-бабына сәйкес Сырдария аудандық маслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрi – кемтар балалар) ата-аналары мен өзге де заңды өкiлдерiнiң жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу (бұдан әрi – шығындарды өтеу) тоқсанына 9 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 19.11.2018 № 245 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Шығындарды өтеудi "Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтiк бағдарламалар және азаматтық хал актiлерiн тiркеу бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi кемтар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне тиiстi оқу жылы кезеңiнде тоқсан сайын аудан бюджетi қаражаты есебiнен жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 19.11.2018 № 245 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығының 22-қосымшасымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11342 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады және жүгінген кезде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 19.11.2018 № 245 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      4. Шығындарды өтеу кемтар балалар:

      1) алынып тасталды – Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 19.11.2018 № 245 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2) қайтыс болғанда;

      3) мүгедектiгiн алып тастағанда;

      4) интернат-үйi немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңiнде;

      5) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысының мерзiмi аяқталғанда;

      6) аудан шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде тоқтатылады.

      Шығындарды өтеу көрсетiлген жағдайлар туындағаннан кейiнгi айдан бастап тоқтатылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 19.11.2018 № 245 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
14 сессиясының төрағасы:
Е.Жақыпов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: Е.Әжікенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады