Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 28.04.2021 № 40 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексiнiң 19-1 бабының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырдария ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтері қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихаттың кезекті 31 сессиясының төрағасы: |
Б.Есназар |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: | Е.Әжікенов |
Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №259 шешiмiне қосымша |
Сырдария ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтері
№ | Атауы | Есептiк бiрлiк | Бағасы, теңгемен (ҚҚС бiрге) |
1. | Тұрғын үйлерден қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету | айына 1 адамға 1 текше метр (м3) | 58,21 |
2. | Шаруашылық субъектiлері үшiн қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету | 1 текше метр (м3) | 715 |
Ескертпе: ҚҚС – қосымша құн салығы