Сырдария ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 40 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 29 сәуірде № 8317 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 қазандағы № 165 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 20.10.2022 № 165 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, 20-1-бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 7-бабының 5-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырдария ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтері қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

      2. "Сырдария ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 259 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6599 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 09 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сырдария аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
А. Ибрагимұлы
      Сырдария аудандық
мәслихат хатшысы
Е. Әжікенов

  Сырдария аудандық мәслихатының
2021 жылғы 28 сәуірдегі
№ 40 шешіміне қосымша

Сырдария ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтері

Атауы

Есептiк бiрлiк

Бағасы, теңгемен(ҚҚС бiрге)

1.

Тұрғын үйлерден қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету

айына 1 адамға
1 текше метр (м3)

58,21

2.

Шаруашылық субъектiлері үшiн қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету

1 текше метр (м3)

715

      Ескертпе: ҚҚС – қосымша құн салығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады